Accessibility links

Иран наразылық білдірушілерді жазалаймыз деп тағы ескертеді


Иран билігі оппозиция белсенділері үкіметке қарсы шеулерді жалғастыра беретін болса, жазалау шараларын қолға аламыз деп тағы ескерту жасады.

Мемлекеттік ИРНА жаңалықтар агенттігі Ішкі істер министрінің «толқуларға қатысқан кез келген жан Құдайға қарсы соғыс ашқан, ұлттық қауіпсіздікке қарсы адам ретінде жазаға тартылады» деген сөздерін келтірген. Иран ислам заңдары бойынша, Алланың жауы деп танылған адам жазаға тартылады.


Мұндай қатаң ескертулер шиитердің діни Ашура мейрамын тойлау күндері шерушілер мен әскери күштер арасында болған қақтығыстарда сегіз адам қаза құрбан болғаннан кейін жасалып отыр.

XS
SM
MD
LG