Accessibility links

Әл-Қаида АҚШ-тың 7 барлау агентіне қарсы шабуылға жауапкершілікті алды


Ауғанстандағы әл-Қаида тобы өткен аптада Хост провинциясындағы американдық базаға болған шабуылға жауапкершілікті алып отыр. Ол жарылыстан АҚШ-тың барлау қызметінің 7 офицері қаза тапқан.

Әл-Қаиданың ауғандық жетекшісі Мустафа Абул-Язид ол шабуыл Құрама Штаттардың Пәкістан аймағындағы әуе соққыларына жауап болды деді. Бұл мәлімдеме әл-Қаида тобы пайдаланатын вебсайтта жарияланды.

Барлау ресмилері ол жанкештілік шабуылды жасаған адамның кім екенін анықтады. Ол басында Иордания барлау қызметінің әл-Қаида тобына жіберген тыңшысы болған Хумам Халили Абу-Мулал әл-балави деген жанпидашы болып шықты.
XS
SM
MD
LG