Accessibility links

Карзай: Ауған коррупциясы туралы хабарлар асыра сілтеушілік


Ауғанстан президенті Хамид Карзай жұма күнгі сұхбатында өзінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты есебін қорғап сөйлеп, бұл мәселені батыстық ақпарат құралдары тым ұлғайтып жіберді деді. Карзай бұл туралы әл-Жазира телеарнасына берген сұхбатында айтып, бұл Батыс жетекшілерінің өзі туралы оң пікіріне байланысты емес екенін алға тартты.

Ауғанстан президенті елдің егемендігіне ерекше назар аударып, қаңтардың 27-де өтетін Лондон конференциясында донор елдерден ақша сұрамаймын деді. Карзай сонымен қатар Ауғанстандағы шетелдік күштерден түнгі рейдтер мен ауғандықтарды қамауға алуды тоқтатуды талап етіп, бейбіт тұрғындар өліміне жол бермеу үшін қатты жұмыс жасайтынын айтты.

Ол бүлікшілермен бітімге келуге Кабулдың күш салып жатқанына тоқталып, кейде Батыс елдерінде талибандарды түсінудің нюанс жетіспей жатады деді.

Президент Карзай сенбі күні парламентке жаңа үкімет құрамынан 18 үміткердің тізімін береді деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG