Accessibility links

Ауған президенті парламентке министрлер тізімін ұсынады


Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Карзай парламентке жаңа үкіметтің құрамына енетін үміткерлердің тізімін ұсынады.

Хабарларға қарағанда, президент Карзай ол тізімге 18 министрлік қызметті кіргізген.

Осыған дейін ел парламенті Карзай ұсынған 24 кандидаттың 17-сін бекітпей тастаған. Бақылаушылар бұл жағдайды заңбұзушылықтармен өткен тамыздың 20-дағы даулы президенттік сайлауда екінші мерзімге сайланған Карзай үшін саяси жеңіліс деп отыр.
XS
SM
MD
LG