Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Карзай парламентке жаңа үкіметтің құрамына енетін үміткерлердің тізімін ұсынды.
Президенттің екінші орынбасары Карим Халили министрліктен үміткер 16 адамның атын атады. Оның 15-і алдыңғы дауыс беруде бекітілмей қалған кандидаттар болса, тағы біреуі ұзақ уақыт ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесші болған Зелмай Расулды Сыртқы істер министрлігіне ұсынды.
Осыған дейін ел парламенті Карзай ұсынған 24 кандидаттың 17-сін бекітпей тастаған. АҚШ пен басқа да донор елдер президент Карзайға қаңтардың 27-де Ауғанстан бойынша Лондонда өтетін халықаралық конференцияға дейін үкіметті жасақтауға қысым жасап келеді.