Accessibility links

Президент Назарбаевтың немере інісі ҰҚК кадр департаментінің бастығы болды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі - 31 жастағы Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кадрлер ісі жөніндегі департаментінің басшысы болып тағайындалған. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне ҰҚК баспасөз қызметінің басшысы Кенжеболат Бекназаров хабарлаған.

Самат Әбіш 2008 жылдың қазанынан былтырғы жылдың соңына дейін Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, ал оның алдында сол министрліктің Тіркеу комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген.

ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып генерал-майор Нұрғали Білісбеков тағайындалған.
XS
SM
MD
LG