Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған алдағы аптада Ресейге барып, екі елдің арасындағы экономикалық және энергетикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер өткізеді.
Түркия үкіметі таратқан хабарламаға қарағанда, қаңтардың 12-13 күндері болатын сапар Мәскеу мен Анкара арасындағы көп бағытты байланыстарды дамытуға бағытталған.
Ресей Түркияның ең үлкен сауда әріптестерінің бірі және бұл елді 60 пайыздай газымен қамтамасыз етіп келеді.
Тамыз айында Анкараға сапармен барған Ресей премьер-министрі Владимир Путин мен Ердоған "Оңтүстік ағыс" газ құбыры үшін түркия суын барлауды бастау жөніндегі хаттамаға қол қойған. Ол газ құбыры Еуропа Одағының қолдауындағы Набукко газ құбыры жобасына бәсекелес ретінде қаралып отыр.