Accessibility links

Теһранда өлтірілген адам ядролық физика профессоры болып шықты


Теһранда орын алған жарылыстан ядролық физика бойынша ирандық профессор қаза болды. Иран мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Массуд Әли Мохаммади Теһрандағы үйінің сыртында жарылғыш орнатылған мотоциклдің жарылуынан қаза тапқан. Мохаммадидің Иранның даулы ядролық бағдарламасына қатысы бар ма, жоқ па – белгісіз.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, бұл жарылыс лаңкестік әрекет болған және оны «сионистер мен американдық агенттер» жүзеге асырған. Басқа да хабарларға қарағанда, Мохаммади Иранның исламшыл билігінің «мықты қолдаушысы» болған.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG