Accessibility links

Украина президенті Ющенко премьер Тимошенконы айыптады


Украина президенті Виктор Ющенко премьер-министр Юлия Тимошенко Кремлдің қылмыстық қудалауынан арылу үшін осыдан бір жыл бұрын Киевке тиімсіз келісімнің қабылдануына, атап айтқанда украина-ресей газ келісіміне жол берді деп мәлімдеді. Ющенконың бұл айыптауы президент сайлауына төрт күн қалғанда айтылып отыр.

Осыдан алты жыл бұрын Ресей Тимошенкоға қарсы қылмыстық іс қозғаған болатын. Оған 1996 жылы қыркүйект Ресейдің қорғаныс министрлігінің шенеуніктеріне пара берген деген айып тағылған.

Украина президенті қызметінен үміткер Тимошенко бұл айыптауға қатысты әзірге жауап берген жоқ.
XS
SM
MD
LG