Accessibility links

Қазақ және қырғыз полициялары Павлюктің өлімін бірлесіп зерттейді


Қазақстан және Қырғызстанның құқық қорғау органдары журналист Геннадий Павлюктің өліміне байланысты тергеу жұмыстарын бірлесіп атқарады. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның ІІМ-нің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов хабарлады.

Оның айтуынша, 11 қаңтарда Қазақстанның арнайы тергеу тобы Бішкекке барып Қырғызстанның құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер өткізген. Қырғыз жағы осы іс бойынша тергеу тобын құрды деді Жұманов.

Павлюк Алматыдағы ауруханалардың бірінде аса ауыр жарақаттың салдарынан ес жимастан көз жұмды. Қырғыз журналисі 16 желтоқсанда Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің 6-шы қабатынан құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен еді.

Журналист қырғыз оппозициялық “Ата-мекен” партиясының газеті мен жаңалық тарататын интернет басылымын осы жылдың соңына дейін шығармақшы болған.

Қазақстан полициясы журналистің биік ғимараттан құлауына қатысты қылмыстық іс қозғады және оның өміріне қастандық жасауы мүмкін күдіктілер тобын айқындағандығын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG