Ресейдің құқық қорғаушылары мен саясаткерлері, қоғам қайраткерлері Мәскеу билігіне Станислав Маркелов пен Анастасия Бабурова қаза тапқан жерде ескерткіш белгі қою туралы өтініш жасады.
Интернетте Мәскеу қаласының мэрі Юрий Лужковтың атына жолданатын ашық хатқа қол жинау басталып кетті.
Бір күн бұрын қала әкімдігі оқиғаның бір жылдығына орай еске алу шарасын өткізуге рұқсат бермеген еді.
Адвокат Маркелов пен журналист Бабурова өткен жылы 19 қаңтарда Мәскеудің орталығында қастандық құрбаны болған.
Адам құқын қорғаушылар билік шешіміне қарсы сотқа арызданбақ.