Accessibility links

Ирақтағы жанкештілік жарылыста 7 адам мерт болды


Полиция Анбар провинциясында жанкешті жарған бомбадан 7 адам өліп, тағы алты кісінің жарақат алғанын хабарлаған бүгін.


Жарылыс Фаллужаның солтүстік тұсындағы Сақлауиа қаласындағы полиция бекетіне жақын жерде жасалған, құрбан болғандар мен жарақат алғандардың арасында полиция мен қарапайым тұрғындар да бар. Жергілікті билік қалада коменданттық сағат енгізді.


Анбар провинциясында соңғы апталарда бірнеше қайтара шабуылдар болды. Хит қаласындағы жарылысты да жеті адам қаза тапқан еді.

XS
SM
MD
LG