Accessibility links

Израиль елшіге қатысты әрекеті үшін Түркиядан кешірім сұрады


Израиль ресми түрде Түркиядан кешірім өтінді. Мұның алдында Анкара Тель-Авивтен ресми кешірім сұрауды және израильдік министрдің түрік елшісін төмендетуінің себебін түсіндіруді талап еткен еді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху осы кешіріммен екі мемлекет арасындағы дипломатиялық жанжал аяқталар деген ниетін білдірді.

Дүйсенбі күні Израильдің сыртқы істер министрінің орынбасары Дани Аялон Түркия елшісі Огуз Челикколды кеңсесіне шақырып алып, оған түрік телеарнасында көрсетілген антиизраильдік бағытта делінген «Көкжалдар мекені» телесериалына қарсы наразылық нотасын табыс етті.

Кездесу кезінде түрік елшісі отырған орын изрильдік министрдің үстелінен өте төмен орналасқандығы хабарланды. Сәрсенбі күні Түркия Израильдегі өз елшісін қайтарып алғысы келетіндігін жариялады.
XS
SM
MD
LG