Accessibility links

Қырғыз оппозициясы аштық акциясын бастады


Қырғыз оппозицияның тоғыз өкілі сәрсенбі күні Бішкекте аштық акциясын бастағандығын жариялады. Олар социал-демократиялық партиясының кеңсесінде түнеп шықты.

Наразылық іс-шарасына бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Исаковтың сегіз жылға түрмеге кесілуі түрткі болып отыр. Оған қорғаныс министрлігіне қарасты пәтерді өзінің ұлына берген деген айып тағылды. Алайда Исаков өзіне қарсы қозғалған істің саяси астары бар деп мәлімдеді.

Америкалық Freedom House адам құқығын қорғау ұйымы осы аптада Қырғызстанның адам еркіндігі бойынша рейтингін төмендетті.
XS
SM
MD
LG