Accessibility links

Балқашта жоғалған төрт балықшы әлі табылмады


Балқашта осыдан үш тәулік бұрын жоғалып кеткен төрт балықшыны іздестіру жұмыстары жұма күні қайта жалғасады деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.

Алматы облысы Сарқан ауданының төрт балықшысы «УАЗ» көлігімен сейсенбі күні Балқаш көліне балық аулауға кеткелі бері оралмаған.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, іздестіру жұмыстарына аудандық құтқару қызметі мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.
XS
SM
MD
LG