Accessibility links

Гаитиде халықаралық көмек қабылдайтын әуежайлар жетіспейді


Гаитиге көмек жеткізуші халықаралық жүк ұшақтары елде көлік инфрақұрылымының жоқтығына байланысты қиыншылықтарға тап болды. Ұшақтар кішкентай жазғы алаңға қону кезегін әуеде күтіп қалды. Елдегі көптеген жолдар бұзылған, басты теңіз портына қатты залал тиген.

Бұл уақытта Гаити астанасы - Порт-о-Пренс қаласындағы көшелерде адам мәйіттері үйіліп қалды, апаттан аман қалғандары болса үшінші түн далада түнеуге мәжбүр болды.

АҚШ президенті Барак Обама қазіргі заман тарихындағы ең ауқымды құтқару операциясын жариялады, соның бастамасы ретінде Гаитиге 100 миллион доллар бөлінді. Әлемнің басқа да мемлекеттері өздерінің құтқарушыларын зілзаладан шардап шеккен елге жіберді.

Хабарларға қарағанда, Гаитиде кем дегенде 50 мың кісі қаза болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG