Accessibility links

ЕҚЫҰ-ның бақылаушылары Украина сайлауын бақылайды


Халықаралық бақылаушылар жексенбі күні Украинада өтетін президенттік сайлауды бақылауға дайын. ЕҚЫҰ-ы бақылаушылар миссиясының өкілі Йенс-Гаген Эшенбахер сенбі күні Киевте мәлімдегенінде, ЕҚЫҰ-ның 600 сайлау бақылаушысы мыңдаған басқа да шетелдік бақылаушылармен Украина сайлауын бақылайтын болады деді.

Алдын ала жүргізілген сауалнамалар көрсеткендей, премьер-министр Юлия Тимошенко бұрынғы премьер-министр Виктор Януковичтің соңынан келеді. Президенттіктен үміткер тағы бір белгілі кандидат, қазіргі президент Виктор Ющенко дауыс берудің екінші сатысына өтпеуі мүмкін.

Тимошенко мен Янукович екеуі де батысшыл Ющенко кезінде нашарлап кеткен Украинаның Ресеймен байланыстарын жақсартуға уәде беріп отыр.
XS
SM
MD
LG