Accessibility links

Медведев: АҚШ-Ресейдің ядролық келіссөздерінде прогресс бар


Ресей президенті Дмитрий Медведев Құрама Штаттар мен Ресей ядролық қарусыздану жөніндегі жаңа келісімге қатысты айтарлықтай прогресс жасады деді.

Сенбі күні ақпарат агенттіктері Медведевтің "біздің ұстанымдарымызды жақындататын айтарлықтай қадамдар жасалды" дегенін жазып отыр.

АҚШ пен Ресей мәмілегерлері мерзімі желтоқсанда аяқталған 1991 жылғы стратегиялық қаруларды азайту келісімінің орнын басатын құжат жасау үшін келіссөздер жүргізіп келеді.

АҚШ президенті Барак Обама мен Медведев өз елдерінің ядролық арсеналына шектеу енгізген стратегиялық қаруларды азайту келіссөздерінің орнын басатын келісім жасауға сөз беріп келеді.
XS
SM
MD
LG