Accessibility links

Патриарх Кирилл Қазақстан президентімен кездеседі


Бүкіл Ресей және Мәскеу Патриархы Кирилл бүгін Алматыда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі.

Ол мемлекет басшысына орыс православ шіркеуінің ең жоғарғы ордендерінің бірін тапсырады. Бұл сыйлық Астанада қасиетті Успень кафедралды соборын салуды ұйымдастырғаны үшін беріледі деп хабарланды.

Патриархтың Қазақстандағы екі күндік сапары кеше Астана қаласында басталды. Бүгін ол Алматыдағы православ шіркеуінде діни рәсімдер өткізді.
XS
SM
MD
LG