Accessibility links

Адвокаты сырқаттанып қалған Мұхтар Жәкішев сотта қорғаушысыз қалды


Адвокат Нұрлан Бейсекеев.
Адвокат Нұрлан Бейсекеев.

Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев науқастанып ауруханаға түскен. Ал оның орнына айыпкерге басқа адвокат тағайындауды сұраған Жәмила Жәкішеваның өтінішіне сот жауап берген жоқ. Жәкішевті қорғауға келген екі адвокатты сотқа кіргізбеді.


ЖӘМИЛА ЖӘКІШЕВА ЖҰБАЙЫНА БАСҚА АДВОКАТ ТАҒАЙЫНДАУДЫ СҰРАЙДЫ

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің ісі тағы да кейінге қалдырылды. Оның зайыбы Жәмила Жәкішева сырқаттанып ауруханаға түскен Нұрлан Бейсекеевтің орнына айыпкерге адвокат ретінде Данияр Қанафинді немесе Александр
Жәмила Жәкішева Сарыарқа аудандық сотында. Астана, 18 қаңтар 2010 жыл.
Разенцвайгті тағайындау туралы сұрап сотқа өтініш бергенімен, сот оған әлі жауап берген жоқ.

Қаңтардың 18-күні Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Нұржан Жолдасбеков Мұхтар Жәкішевтің ісіне қатысты сот отырысын бастауды осымен үшінші рет кейінге қалдырды.

Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеевті сырқат меңдеп, ауруханаға түскен екен. Адвокатты алмастыру үшін Жәкішевтің зайыбы Жәмила судьяның атына өтініш түсірген.

– Егер ұмытпасам, ҰҚК-нің қызметкері Кенжеболат Бекназаров «адвокатты ауыстыру мәселе емес. Кез-келген адвокат келіп, өтініш жазсын, үш-төрт күнде қарап береміз» деп айтқаны есімде. Біз Бейсекеевтің денсаулығына байланысты оны Нұрлан Қанафинге ия болмаса
Мұхтар Жәкішевті қорғауға келген адвокат Данияр Қанафинді сот ғимаратының ішіне кіргізбеді. Астана, 18 қаңтар 2010 жыл.
Александр Разенцвайгке алмастыру жөнінде өтініш жаздық. Бірақ, Жәкішевтің оққағары Талғат Қыстаубаевтың адвокатын бірнеше айдан бері алмастыра алмай келе жатырмыз, – дейді Жәмила Жәкішева.

Адвокатты ауыстыру мәселесіне қатысты, әзірге Жәмилаға судья ресми жауап бермегенімен, адвокаттар Данияр Қанафин мен Александр Разенцвайгті әлдекімдер сот залына жібермеген. Судьяның көмекшісінің шақыртуына қарамастан.

– Біз судьяның атына хат жазған едік. Хатшы қыз шығып, бізді судьяның шақырып жатқанын айтқан соң, отырыс залына кірмек болдық. Алайда, қолында металл тексеретін адамдар жолымызды бөгеп, «сендердің мемлекеттік құпияға рұқсат қағаздарың бар ма?» деп сұрады. Біз: «сіз кім боласыз, құжатыңызды көрсетіңіз» деп сұрадық. Бірақ ол адамдардар өздерін атамады, құжаттарын көрсетпеді. Осыдан кейін, судья бізді сот залына кіргізуден бас тартты, – дейді адвокат Қанафин.

ҚҰПИЯ ПӘТЕРДЕ ОТЫРҒАН КУӘГЕРЛЕР

Дүйсенбі күні сотқа бірінші рет «Қазатомпромның» басқа топ-менеджерлерінің де әйелдері келді. ҰКК Мұхтар Жәкішевтің үш орынбасарын сотқа куәгер ретінде жауап беру үшін, оларды құпия пәтерде жасырып, ұстап отыр.

Солардың бірі Дмитрий Парфеновтің зайыбы Наталья, өз айтуынша, судьяның атына екі рет хат жолдапты.

– Біріншіден, мені соңғы кезде жұбайыммен кездесуге мүлдем жібермей жатыр. Екіншіден, оларды күштеп ұстап отырғаны белгілі. Сондықтан да мен судьяның оларды шақырып алып, шындықты сұрауын талап етемін. Қазір олардың жағдайының қалай екенін ешкім білмейді, – дейді Наталья Парфенова.

БОЛАТ ӘБЛІОВ: «СОТ ІСІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰПИЯ ЖОҚ»

Қаңтардың 18-күні Астанадағы сот процесіне Мұхтар Жәкішевке қолдау білдіру үшін, «Азат» партиясының жетекшілері де келген еді. Бірақ оларды да сот залына кіргізбеді. «Азат» партиясының тең төрағасы Болат Әбілов Жәкішев ісінде ешқандай мемлекеттік құпия жоқ екенін айтады.

– Мен Мұхтарды 30 жылдан бері жақсы танимын. Көп жылдар бірге жұмыс істедік. Саяси көзқарасымыз да бірге деп ойлаймын. Ал қылмыстық іске келетін болсақ, мұның бәрі қолдан ұйымдастырылған. Біріншіден, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мұхтарға «Елдің қазба
Саясаткер Болат Әбілов «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің сотына келді. Астана, 18 қаңтар 2010 жыл.
байлығын шетелге сатты» деп таққан атышулы мәлімдемелері қазір қайда? Неге сот басқа күлкілі істерді қарап жатыр? «Мұхтар Венада офис ашты» деген күлкілі айыптаулар. Әрине, Жәкішевтің өзі Венадан офис аша алмайды. Оның бәрін үкімет істейді. Біз Венадан арнайы өкілдік ашу туралы құжатқа Кәрім Мәсімовтің қол қойғанын білеміз. Сондықтан да ҰҚК-нің Мұхтарға тағып отырған айыптары ешбір сын көтермейді, – деді Болат Әбілов.

«Азат» партиясының тең төрағасы сонымен бірге Мұхтар Жәкішевтің оққағары Талғат Қыстаубаевқа тағылып отырған айыптардың да негізсіз екенін айтады.

– Мен Талғат Қыстаубаевты да жақсы танимын. Оның бар жұмысы – Мұхтар Жәкішевтің бас амандығын қорғау болатын. Ол «Күзет» компаниясының қызметкері. Демек, ол «Қазатомпром» компаниясының ғимаратында бір күн жұмыс істемеген кісі. Сондықтан да, оны қызметін асыра пайдаланды деп сотқа сүйреуі ақылға симайды. Бүгінгі сот үдерісіне ҰКК мүдделі. Олар адамдар шын мәнінде Мұхтарды не үшін айыптап отырғанын білмеуі қажет деп есептейді. Сондықтан да біз соттың ашықтығын талап етеміз. Сот бәріне ашық болу керек. Себебі, істе ешқандай мемлекеттік құпия жоқ, – дейді Болат Әбілов.

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевке 2003 жылы компанияның Венадағы өкілдігін заңсыз ашқан, өкілдіктің басшылары және жұмысшылары ретінде ұлттық компанияға ешқандай қатысы жоқ, Қазақстанның Аустриядағы елшілік қызметкерлерін формалды түрде тіркеп, оларға жалақы беріп отырған деген айыптаулар тағылып отыр.

Қазақстандық баспасөз ол адамдар Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы, қазірде шетелде бассауғалап жүрген Рахат Әлиевке жақын кісілер деп жазады.

Сонымен бірге, Мұхтар Жәкішев мердігер кәсіпорындардың басшыларынан мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарда оларды жеңімпаз деп тану үшін бірнеше рет аса ірі көлемде пара алған деп айыпталып отыр.
XS
SM
MD
LG