Accessibility links

Косово Араб елдерінен өз тәуелсіздігін мойындауды сұрады


Бүгін Косовоның сыртқы істер министрі 2008 жылы жарияланған өз елінің тәуелсіздігін Араб елдерінің көбісі әлі мойындамағанына Приштина ренішті екенін айтты.

Сыртқы істер министрі Скендер Хисени бұл туралы Косовоға барған Араб лигасының бас хатшысы Әмір Мұсамен кездесуінде айтып, Приштина мұсылман әлемінің қолдауына лайық деді.

22 мүшесі бар Араб лигасының алты елі ғана халқының 90 пайызы мұсылман Косовоның тәуелсіздігін мойындаған. Косовоның халқы 3 миллионды құрайды.
XS
SM
MD
LG