Accessibility links

АҚШ азық-түлікті Гаитиге әуеден тастап жатыр


АҚШ ұшақтары зілзаладан зардап шеккен Гаити тұрғындарына арналған азық-түліктерді әуеден тастай бастады. Сонымен бірге, жақын уақытта АҚШ-тың екі мыңнан астам теңіз жаяу күштері аралға жеткізіледі. Олар Гаитиде қауіпсіздікті қадағалап, көмекті бөлу ісімен айналысады.

Гаити астанасы - Порт-о-Пренс қаласында тонаушылық әрекеттері тіркелген. Қызыл жарты ай халықаралық ұйымы гуманитарлық көмектің кешіктірілуіне байланысты елдегі жағдай ушығып бара жатқандығын ескертті.

Ресми мәлімет бойынша, 12 қаңтардағы жер сілкінісінен қаза болғандардың саны 200 мыңға жетуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG