Accessibility links

Американ дипломаты Младич Сербияда тығылып жүр деді


АҚШ дипломатының айтуынша, геноцид айыптары бойынша іздеуде жүрген бұрынғы босниялық серб генералы Ратко Младич Сербияда жасырынып жүр.

Босниядағы Жоғары өкілдің орынбасары Раффи Грегорианның пайымдауынша, Младичтің Боснияда көмекшілері бар, ал оның өзі Сербияда тығылып отыр. Грегориан бұдан басқа мәліметтер келтірмеді.

Сербия ресмилері оны жоққа шығарып, өздерінің Младичтің қайда екенін білмейтіндігін айтып отыр. Дегенмен 2008 жылы босниялық себр жетекшісі Радован Караджич бірнеше жыл жасырынып жүріп, Белградтан ұсталған.

БҰҰ-ның Гаагадағы трибуналы 1992-1995 жылдардағы Босния соғысында Сребреницадағы мұсылман 8 мың ерлер мен балаларды өлтіруге қатысты деп Младичке іздеу жариялаған.
XS
SM
MD
LG