Accessibility links

Арменияда оппозициялық журналист 7 жылға түрмеге жабылды


Бүгін Ереван соты 2008 жылғы президенттік сайлаудан кейін елде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деген айыппен оппозициялық журналисті жеті жылға түрмеге жапты.

Азаттықтың армян қызметі хабарлағандай, “Айкакан Жаманак” газетінің редакторы Никол Пашиниян оппозиция жетекшісі Левон Тер-Петросян бастаған үкіметке қарсы шерулерде ықпалды әрі қатқыл сөйлеген адам болды.

Ақпан айындағы сайлаудан кейін Арменияда оппозицияны қолдаушылар мен қауіпсіздік күштері қақтығысып, кемінде 10 адам қаза тапқан. Одан кейін Ереванда үш апта төтенше жағдай жарияланды.
XS
SM
MD
LG