Accessibility links

Украина ауруханасындағы жарылыстан қаза болғандардың саны өсті


Украинаның төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Луганск қаласындағы ауруханада орын алған жарылыстан құрбан болғандардың саны 16-ға жеткен. Сәрсенбі күні құтқарушылар қираған ғимараттың астынан соңғы құрбандарды шығарды.

Дүйсенбі күнгі жарылыстан 4 адам аман қалған болатын. Жарылысқа жансақтау бөлімінде қауіпсіздік техникасының сақталмауы себеп болып, ғимараттың екі қабаты құлаған.
XS
SM
MD
LG