Accessibility links

Гаитиде зілзаладан қаза тапқан 75 мың адам жерленді


АҚШ Гаитиге тағы 4 мың әскери жіберіп отыр. Американдықтарың жалпы саны 15 мың адам. Әскерилердің алдына қойылған міндет зардап шеккендерге көмек көрсетіп, үйінділер астында қалғандарды құтқару жұмыстары.

Сәрсенбі күні Гаитиде Рихтер көрсеткіші бойынша 5,9 балдық тағы да қуатты жер сілкінісі болды.

Зілзала ошағы ел астанасы Порто-Пренстің солтүстік-батысындағы аумақта болған. Хабарларға қарағанда, жер сілкінісінен халық үйлерінен қашып шығуға мәжбүр болған. Бұл уақытта Гаитиде өткен аптадағы зілзаладан аман қалғандарды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Мәліметтерге қарағанда, 12 қаңтардағы зілаладан елде 100 мыңнан аса адам қайтыс болуы мүмкін. 75 мыңы жерленді. Халықаралық гуманитарлық ұйымдардың мәліметінше, бір жарым миллионнан астам адам баспанасыз қалған.
XS
SM
MD
LG