Accessibility links

Қазақстандағы төрт түрме жылусыз, ыстық сусыз қалды


Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданына қарасты Солнечный қалашығындағы төрт түрмеге, сондай-ақ бірқатар тұрғын үйлерге жылу, ыстық су беру тоқтады. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша, қаладағы жылу тарату жүйесі істен шыққан.

Бейсенбі күнгі дауылдан электр желілерінің үзілгендігіне байланысты жылу тарату тетіктеріне мұз қатып қалған. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG