Accessibility links

Түркия Армениядан түсініктеме беруін талап етті


Түркия сыртқы істер министрінің мәлімдеуінше, Анкара Армениямен арадағы байланыстарды қалпына келтіру жөніндегі тарихи келісімге қайшы келетін сот шешіміне байланысты Ереванның түсініктеме беруін қалайды. Ахмет Давутоглудың айтуынша, Армения конституциялық сотының осы айда шығарған шешімі екі ел арасындағы хаттамаларға қарсы.

Қазан айында Анкара мен Ереван бір ғасырға жалғасқан дұшпандыққа нүкте қою мақсатында екі хаттамаға қол қойған болатын. Бұл құжаттар заңды күшіне енуі үшін оларды екі ел парламенті бекітуі тиіс.

Жұма күні Армения сыртқы істер министрі Эдуард Налбандиян Түркиямен арадағы дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіру жөніндегі тарихи әрекеттер сәтсіздікке ұшырауы мүмкін деп ескертті. Налбандиян Анкараны бұл үдеріске кедергі жасауда деп айыптады.
XS
SM
MD
LG