Accessibility links

16 жасар американдық Эбби Сандерлэнд жер шарын жүзіп өтпекші


Бүгін 16 жастағы бойжеткен Эбби Сандерлэнд өзінің австралиялық замандасының соңынан жер шарына саяхатын бастады. Әлем бойындағы сулармен жалғыз өзі жүзіп өтетін Сандерлэндтың сапары 5 айға созылады.

Тынық мұхитынан басталатын экспедициясы барысында американдық Сандерлэнд жақындарымен жерсерігі арқылы телефон және интернет арқылы байланысып тұрады.

Бұл арада жер шарын жалғыз өзі жүзіп өтіп жатқан тағы бір 16 жастағы австралиялық қыз Джессика Ватсон соңғы күндері Атлант мұхитында қатты дауылдарға кезіккенін айтқан.
XS
SM
MD
LG