Accessibility links

Гаитиде тағы да жер сілкінді


Гаитиде жексенбі күні қуаты 5,5 балдық тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің ошағы Гаити астанасы – Порт-о-Пренс қаласынан батысқа қарай шамамен 40 шақырым жерде орналасқан екен. Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Гаити билігінің хабарлауынша, 12 қаңтардағы зілзаладан қаза болғандардың саны 150 мыңға жақындап қалды. Сенбі күні билік құтқару-іздестіру жұмыстары аяқталғандығын жариялады.
XS
SM
MD
LG