Accessibility links

Лондондағы жиында Ауғанстанға қатысты коммюнике жобасы әзірленді


Ауғанстанның болашағына қатысты Лондондағы халықаралық конференцияда жасалған коммюнике жобасына сәйкес, әлем елдері Ауғанстан өлкелеріндегі қауіпсіздік міндеттемелерін 2010 жылдың аяғында жергілікті күштерге тапсыру жөніндегі кестеге келіскен. Олар сондай-ақ Талибанды зорлық-зомбылықтан бас тартуға ынталандыратын жоспарды қаржыландыруға уәде етті. Бірақ бұл туралы нақты көрсеткіштер көрсетілмеді.

70 мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдері Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың жемқорлықпен күрес бағдарламасына қолдау білдірді. Олардың айтуынша, осы жылдың аяғында Кабулда өтетін саммитте Карзайдың үкіметіне көмектесуге қатысты нақты жоспар ұсынылады.
XS
SM
MD
LG