Accessibility links

Аудит: Пәкістандағы USAID бағдарламасы онша сәтті емес


АҚШ үкіметінің аудиттік тексерулеріне сәйкес, Пәкістанның тайпалы аймақтарындағы үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды күшейтуге бағытталған 46 миллиондық федералды бағдарлама сәл ғана алғабасушылық жасаған. АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі - USAID бағдарламасын АҚШ-та орналасқан жекеменшік компания басқарады. USAID-тің ішкі аудитіне қарағанда, 2008 жылдан бері басталған бағдарламадағы қызметтердің кешіктірілгендігі, сәтсіздікке ұшырағандығы және даму жобаларының бақылаусыз қалғандығы анықталған.

Аталмыш бағдарлама Пәкістанда жүзеге асырылып отырған АҚШ бастамаларының бірі боп табылады. АҚШ үкіметі алдағы 5 жылда Пәкістанға көмек ретінде 7.5 миллиард доллар бөледі деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG