Accessibility links

Гаити АҚШ-тың ауыр жаралыларды әкететін рейсті тоқтатқанына ренжулі


Қуатты жерсілкінісінен зардап шеккен Гаитидегі дәрігерлер зілзаладан ауыр жараланған адамдарды басқа жаққа апаратын ұшақ рейстерін алып тастағанына алаңдаушылық танытты. Дәрігерлердің айтуынша, кемінде 100 адамға жақсырақ жағдайдағы ауруханада ем жасау қажет болып отыр.

Американдық әскерилер сәрсенбі күні ауыр жаралы адамдарды Гаитиден АҚШ-қа апаратын әскери ұшақ рейсін тоқтатып қойды. Оған себеп кейбір штаттар жаралы гаитиліктерді қабылдаудан бас тартты деген.

Бұл шешімнен бір күн бұрын Флорида штатының басшысы денсаулық сақтау департментіне хат жазып, құтқару-көмектесу жұмыстарының дұрыс үйлестірілмей жатқанынан, табиғат апатынан зардап шеккендер алдын-ала келісімсіз әкелініп, ақырында оларды орналастыратын орын болмай қалып жатыр деген болатын.
XS
SM
MD
LG