Accessibility links

Пәкістан теледидары талибан жетекшісі қаза тапты деген хабар таратты


Пәкістандағы телеарналар елдегі талибандар жетекшісі Хакимулла Мехсуд осы айдың басында АҚШ-тың әуе соққысынан жараланып, қаза болды деп хабарлауда.

Ақпарат құралдарына атын атамаған ресми өкілдің айтқан ақпараты тәуелсіз түрде нақтыланбады. Талибандар өкілі Мехсуд өлді дегенді жоққа шығарды. Ал Пәкістан армиясы бұл хабарды тексеріп жатыр деді генерал Атхар Аббас.

Пәкістандық телеарнаның хабарлауынша, Мехсуд Солтүстік Вазиристандағы қайын атасының үйінде қайтыс болған. Ауғанстанмен шекаралас бұл аймақта қаңтар айының ортасында АҚШ-тың зымыран шабуылдары болған. Бірақ осыған дейінгі ақпараттарда АҚШ шабуылынан Мехсуд аман-есен құтылып кетті делінген.

Хакимулла Мехсудты өлтіру Вашингтон мен Исламабад үшін үлкен жеңіс болады. Өйткені әл-Қаида тобымен байланысты делінген оның қозғалысы Пәкістандағы бірнеше жанкештілік шабуылдарға жауапкершілікті алып келеді.
XS
SM
MD
LG