Accessibility links

Қытай АҚШ-тың Тайванға қару сату жоспарын сынады


Қытай Құрама Штаттардың Тайванға қару сату жоспарына қатысты айыптауын күшейтіп отыр. Синьхуа агенттігі Қытайдың сыртқы істер министрінің АҚШ Қытайдың ұлттық қауіпсіздігін бұзды әрі Тайванмен қосылу мақсатына нұқсан келтірді дегенін беріп отыр.

Сыртқы істер министрінің айтуынша, Қытай мен Құрама Штаттар қару саудасы туралы көптеген келіссөздер жүргізген, бірақ Вашингтон Бейжіңнің қару саудасын тоқтату талабына мән бермеген.

Сенбі күні АҚШ мемлекеттік департаменті Қытайдың қауіпсіздікке қатысты әскери айырбастарын тоқтату шешіміне өкінішті екенін айтып, Қытайдың бұл айыптауына 6,4 млд доллар болатын қару келісімі Тайвань бұғазының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қолдау үшін жасалды деді.
XS
SM
MD
LG