Accessibility links

«Дарьял-У» әскери нысанында қаза болғандардың барлық мәйіті табылды


Бүгін Қарағанды облысының Балқаш қаласына жақын маңдағы бұрынғы «Дарьял-У» радиолокациялық станциясының аумағындағы ғимараттың қирандысы астында қалған соңғы кісінің мәйіті табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі хабарлады.

22 қаңтар күні қорғаусыз әскери нысанның құрылыс материалдарын алып жатқан бірнеше адамды бетон плиталары басып қалды. Хабарларға қарағанда, төтенше оқиғадан төрт кісі қаза болды, бетонның астында қалған бір адам құтқарылды.
XS
SM
MD
LG