Accessibility links

Карзай Сауд Арабияға сапарын бастады


Ауғанстан президенті Хамид Карзай Сауд Арабияға сапарын бастап отыр. Ол ұстамды Талибан мүшелерімен бітім жасау туралы өзінің әрекеттеріне қолдау тапқысы келеді. Ауған президенті сәрсенбі күні патша Абдулламен кездеседі.

Карзай Сауд Арабияны исламшыл Талибан бүлікшілерін қарудан бас тартуға көндіруге шақыруда. Өткен аптада Лондонда өткен халықаралық конференцияда Карзай Сауд Арабия билігі бейбітшілік үдерісіне үлес қосады деп үміттенетіндігін айтты.

1996-2001 жылдары Ауғанстандағы Талибан үкіметін тек Сауд Арабиясы мен Пәкістан және Біріккен Араб әмірліктері ғана мойындаған болатын.

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG