Accessibility links

Швеция мен Польша: Әскери ядролық қарулар азайтылсын


Швеция мен Польша АҚШ пен Ресейді Еуропадағы әскери ядролық қаруларын қысқартуға шақырып отыр. Олардың айтуынша, бұл қарулардан аймаққа қауіп төніп тұр. New York Times басылымына берген сұхбатында Швеция сыртқы істер министрі Карл Билдт пен оның польшалық әріптеі Радослав Сикорски Ресейдің Балтық теңізіндегі Калининград эксклавында орналасқан оқтұмсықтарын атап өткен.

Мәскеу мен Вашингтон стратегиялық ядролық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісімге қатысты келіссөздер өткізуде. Әскери ядролық қарулар мәселесі қару-жарақтарды бақылау туралы ешбір келісімде қамтылмаған.
XS
SM
MD
LG