Accessibility links

Мусави: Иранда өктемдік бар


Иран оппозициясының жетекшісі Мир Хоссейн Мусавидің мәлімдеуінше, 1979 жылғы ислам төңкерісіне қарамастан елде шах кезіндегі "зұлымдық пен өктемдік тамырлары" әлі де жойылмаған. Мусавидің бұл мәлімдемесі оның интернеттегі парақшасында сұхбат ретінде жарияланып отыр. Бұл уақытта Иран халқы АҚШ қолдауындағы шахтың билігін құлатқан 1979 жылғы төңкерістің 31 жылдығын атап өтуде.

Мусави ислам төңкерісінің өз мақсаттарына жеткендігіне өзінің енді сенбейтінін атап көрсетті.

Дүйсенбі күні Иранда Аятолла Рухолла Хомейнидің елге оралуының 31 жылдығына арналған әртүрлі салтанатты шаралар басталды.
XS
SM
MD
LG