Accessibility links

«Келін» фильмі «Оскар» сыйлығының финалына өтпеді


Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмі «Оскар» сыйлығының «үздік шетел фильмі» номинациясы бойынша ақтық сынына өтпей қалды. Сейсенбі күні американдық кино академиясы байқаудың финалына шыққан туындыларды таныстырды.

«Үздік шетел фильмі» номинациясы бойынша израильдік «Ажами», франциялық «Пайғамбар», перулік «Қасірет сүті», аргентиналық «Көздеріндегі құпия» және германиялық «Ақ лента» фильмдері финалға қатысатын алғашқы бестікке енді.

"Келін" жартылай финалға дейін жеткен болатын.

Жеңімпаз 7-ші наурызда Лос-Анжелесте белгілі болады.
XS
SM
MD
LG