Accessibility links

Лаңкестікте айыпталған азамат АҚШ тергеушілерімен ынтымақтасуда


АҚШ ресмилерінің мәлімдеуінше, Рождество мерекесі күні американдық ұшақты жарып жібермекші болды деп айыпталған Нигерия азаматы тергеушілермен ынтымақтасуда. 23 жастағы Умар Фарук Абдулмуталлаб мүмкін болған лаңкестік шабуылдар туралы "пайдалы" және "ағымдағы" ақпарат беруде дейді ресмилер. Олардың айтуынша, Абдулмуталлаб оның кейбір туыстары АҚШ-қа әкелінген соң ғана желтоқсанның 25-дегі оқиға туралы мәліметтерді айта бастаған.

Нигерия азаматына Амстердамнан Детройтқа аттанған ұшақты жарып жібермекші болды деген айыптар тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG