Accessibility links

Пәкістандағы шабуылдан 3 АҚШ сарбазы қаза тапты


Пәкістан ресмилерінің айтуынша, сәрсенбі күні елдің солтүстік-батысындағы қыздардың мектебі жанында орын алған жарылыстан құрбан болған кемінде 10 адамның арасында 3 американдық сарбаз бен оқушылар бар.

АҚШ жауынгерлері аймақта Әл-Қаида мен Талибан бүлікшілерімен күресуге қатысты Пәкістан күштерін жаттықтыруға көмектесіп жатқан болатын дейді ресмилері. Лоуер Дир ауданындағы жарылыстан сондай-ақ кемінде 70 адам жарақат алды деп хабарланып отыр. Олардың 60-қа жуығы оқушы қыздар делінеді. АҚШ елшілігі бұл оқиғаға байланысты пікір білдіруден бас тартты.
XS
SM
MD
LG