Accessibility links

Журналистер Құлыбаевтың БАҚ-на қарсы арызын сынады


Қазақстандағы тәуелсіз баспасөз өкілдері «Самрұқ-Қазына» қоры басқарма төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевтың БАҚ-на қарсы арыз-шағымын саяси қысым деп бағалап отыр. Бұл туралы тәуелсіз журналистер бүгін Алматыда өткізген баспасөз маслихатында мәлімдеді.

Бұған дейін Алматы қаласы Медеу аудандық соты президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың ар-ожданына нұқсан келтіретін ақпаратты жариялауға тыйым салу, осындай мазмұндағы мәлімет таратқан БАҚ өнімін тәркілеу туралы шешім шығарған еді.

Елдегі бірқатар басылым басшылары сот шешіміне наразылықтарын білдірді.
XS
SM
MD
LG