Accessibility links

Дамаск: АҚШ Сирияға жаңа елшісін таңдады


Сирия сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Дамаск Вашингтоннан АҚШ елшісін аккредитациялау жөнінде өтініш алған. АҚШ-тың бұл әрекеті Сириямен арадағы қарым-қатынастарды жақсарту бағытындағы қадам деп сипатталып отыр.

2005 жылы Бейрутта Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик әл-Харириге жасалған қастандық әрекетіне Дамаскінің қатысы бар деп айыпталған болатын. Осыған орай АҚШ Сириядан өз елшісін шақыртып алған-ды.

Өткен жылдың маусым айында Мемлекеттік департаменті Дамаскіге жаңа елші тағайындалатындығы жөнінде хабарлады бірақ жаңа елшінің нақты қашан Сирияға баратындығы айтылмады.
XS
SM
MD
LG