Accessibility links

Иранда адам құқығын қорғаушы тұтқындалды


Иранда адам құқығын қорғаушы белсенді Кавех Гасеми Керманшахи қамауға алынды деп хабарлайды Фарда радиосы. Қауіпсіздік күштері 25 жастағы Керманшахиді сәрсенбі күні таңертең елдің батысындағы Керманшах қаласында тұтқындаған. Оған қандай айыптар тағылып отырғандығы белгісіз.

Керманшахи Күрдістанның Адам құқықтары ұйымына мүше боп табылады. Ол Иранның күрдтер тұратын аймағында заңбұзушылықтар мен адам құқықтарының тапталуы туралы хабар тарататын.
XS
SM
MD
LG