Accessibility links

Януковичтің жақтастары Рада арқылы сайлау туралы заңға түзетулер енгізді


Сәрсенбі күні Украинаның Жоғарғы Радасы ел президентін сайлау туралы заңға өзгерістер енгізді. Оған сәйкес, сайлау комиссиясының өз құрамының тең жартысы болса да жұмыс істей беруіне рұқсат. Оның алдындағы заңда, комиссия құрамының үштен екісі болуы шарт еді.

Бұл өзгертулерді Украина президенттігіне үміткерлердің бірі Виктор Януковичтің жақтастыры көздеген еді. Олардың айтуынша, қолданыста болған заң негізінде Юлия Тимошенконың жақтастары сайлауға кедергі жасауы ықтимал еді.

Украинадағы сайлаудың екінші кезеңі ақпанның 7 күні өтеді.
XS
SM
MD
LG