Accessibility links

Тимошенко: Егер сайлау бұрмаланса, елде жаппай шеру өтеді


Украинадағы президенттіктен үміткер Юлия Тимошенко жексенбі күнгі сайлау бұрмаланса, халықты жаппай шеруге шақыратынын ескертті. Бұл туралы премьер-министр Тимошенко бейсенбі күні өткізген баспасөз маслихатында мәлімдеді. Президент сайлауының екінші кезеңінде Тимошенко оппозициялық жетекші Виктор Януковичпен бақталасатын болады.

Сайлау алды науқаны барысында екі үміткер де бір-бірін сайлауды бұрмаламақшы деп айыптады.
XS
SM
MD
LG