Accessibility links

Иран полициясы үкіметке қарсы шығушылар қатаң жазаланады деді


Сенбі күні ирандық ақпарат құралдары жазып жатқандай, ел үкіметі ақпанның 11-інде аталып өтетін Ислам төңкерісінің 31 жылдығы қарсаңында шерушілерге ескерту жасады.

Хабарларға қарағанда, Иранның оппозициялық қозғалыстары бұл күні үкіметке қарсы шерулер өткізуді жоспарлап отыр. Полиция басшысы Есмайл Ахмади Моғаддам заңды бұзған азаматтарға бұдан былай төзімділік танытпаймыз деген.

Иранда маусым айындағы президенттік сайлау қорытындысы жарияланғаннан бері оппозицияны қолдаушылардың билікке наразылықтары жалғасып келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG