Accessibility links

Ингушетияда қарулы топ екі адамды өлтірді


Жексенбі күні Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағы Ингушетияда содырлар полиция қызметкері мен оның жанындағы бір адамда атып өлтірген. Полицияның хабарлауынша, қарулы топ көлікпен келіп, екі адамға оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Бұл шабуыл Ингушетияның Қарабұлақ қаласында орын алды. Соңғы кезде Солтүстік Кавказ аймағына полиция қызмектерлеріне қарсы шабуыл үдеп отыр. Жұма күні көрші Дағыстанда қарулы топ полиция басшысын үш бірдей серіктесімен өлтіріп кеткен. Одан кейін аймақтағы терроризммен күрес департаментінің басшысын да атып кетті.
XS
SM
MD
LG