Дүйсенбі күні Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде палестиналық ХАМАС тобының саяси қанатын басқаратын Халед Машаалмен кездеседі.
Хабарларға қарағанда, бұл Машаалдың соңғы жылдардағы Мәскеуге үшінші сапары болғалы тұр.
Ресейдің сыртқы істер мекемесі өкілінің айтуынша, кездесуде палестинааралық ыдырауды болдырмау жолдары талқыланады. Өткен айда Ресейге Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас келген болатын. Ол ХАМАС-тың басты саяси қарсыласы - «Фатх» қозғалысын басқарады.